Accessibility links

Ресей құрамындағы Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров "шешен азаматтарының Сирияда Ресей қорғаныс министрлігінің әскери полиция батальоны құрамында қызмет етіп жүргенін" растады. Бұл жайында ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Қадыров бұған дейін Сирияға шешен азаматтарының жіберілгені туралы ақпарды жоққа шығарып келген еді.

Желтоқсанның басында "Известия" және "Коммерсант" басылымдары қорғаныс министрлігіндегі дереккөздеріне сілтеме жасап, "шешен арнайы жасағының" екі батальоны Сириядағы Ресей әскерилері мен авиациясы орналасқан Хмеймим әуе базасын күзетуге жіберілгенін хабарлаған. "Кавказ.Реалии" жобасы Ханкаладағы Ресей базасынан Сирияға жөнелтілуге дайындалып жатқан арнайы жасақ сарбаздары делінген видео жариялаған.

Кейін "Новая газета" басылымы жағдаймен таныс дереккөзіне сілтеме жасап, Шешенстан билігіне Сирияға жөнелтетін екі батальон құруға тапсырма берілгенін, оған жауапты адам ретінде мемлекеттік дума депутаты Адам Делимханов тағайындалғанын хабарлаған. Қаңтардың басында басылым шешен әскерилеріне арналған Сирияға қатысты құрлықтағы операциялар кезінде орындау қажет кеңестері бар кітапша туралы ақпарат жариялаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG