Accessibility links

Конституцияға билік бөлінісіне қатысты өзгерістер енгізу ұсынылды


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстанда мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселесіне қатысты конституцияға 40-қа тарта өзгеріс енгізу ұсынылды деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі. Ұсыныс Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткізген мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу жөніндегі жұмысшы тобының жиынында жасалды.

Жұмысшы тобының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков жиында Назарбаевқа билік өкілеттіктерін бөлуге қатысты жасалған үш бағыт бойынша ұсыныстарын баяндады.

Алғашқы бағытта экономика, қаржы, мемлекеттік мүлікті басқару мәселелеріне, жекелеген әкімшілік-территориялық құрылым басқарумен байланысты өкілеттіктер қамтылған.

Екінші бағыт бойынша сот-құқықтық саласында сот бақылауын күшейту, прокурорлардың азаматтық және әкімшілік процестерге қатысуын азайту мәселесіне қатысты 13 ұсыныс жасалды. Бұл екі бағыт бойынша ұсыныстарды іске асыру үшін конституцияға өзгеріс енгізу қажет емес.

Үшінші бағыт бойынша парламент пен оның палаталарының өкілеттігін, оның ішінде үкіметті жасақтаудағы өкілеттігін кеңейту, үкіметтің парламент алдында есеп беруін күшейтетін 40-қа тарта ұсыныс бар. Жұмысшы тобы бұл бойынша конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

"АрселорМиттал Теміртау"

Шахтадағы шерулер тарихы

XS
SM
MD
LG