Accessibility links

Теміртауда мектеп директоры "пара алды" деген айыппен сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Теміртауда сот №19 орта мектептің директоры Шәрбат Қожахметованы екі жылға бас бостандығын шектеп, мүлкін тәркілеу және белгілі бір басшылық қызмет атқару құқығынан айыру жазасын кесті. Үкім шығарған Теміртау қалалық сотының хабарлауынша, Қожахметова "қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды" және "пара алды" деп айыпталған.

Қожахметова өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Ол соттан өзін ақтауды сұраған. Бұған дейін Қожахметованың адвокаты оны әлдекімдер ұстап берген болуы мүмкін деген.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

XS
SM
MD
LG