Accessibility links

Франция 60 мигрантқа босқын мәртебесін берді


France -- A teddy bear left behind my migrants hangs at the demolished "Jungle" migrant camp in Calais in northern France on October 28, 2016.
France -- A teddy bear left behind my migrants hangs at the demolished "Jungle" migrant camp in Calais in northern France on October 28, 2016.

Франция өткен жылы қазан айында Кале қаласындағы "Джунгли" атанып кеткен лагерден шығарылған 60 мигрантқа босқын мәртебесін берді. Кале қаласы құрамына кіретін Па-де-Кале префектурасының мәлімдемесінде мигранттарға босқын мәртебесі берілген ресми шара 24 қаңтарда өткені айтылған.

Босқын мәртебесін алған адамдардың қай елдердің азаматтары екені айтылмайды. Бірақ Каледегі жабылған лагерде тұрғандардың көпшілігі сириялықтар мен ауғандықтар болған. Мигранттарға босқын мәртебесі үш ай айдан кейін беріліп отыр. Әдетте босқын мәртебесін беру процесі жылдан астам уақытқа созылады. Босқын мәртебесін алған адамдардың енді Францияда тұруға хақы бар. Каледегі лагерден жаппай шығарылған өзге мыңдаған адам Францияның бірнеше жерінде арнайы құрылған орталықтарда француз билігінің шешімін күтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG