Accessibility links

Астанада Қысқы универсиада алауы жағылды


Боран өтіндегі универсиада алауы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:12 0:00

Қысқы универсиада алауын алып жүру кезінде түсірілген видео. 25 қаңтар 2017 жыл.

Астанада Алматыда өтетін Қысқы универсиаданың алауы жағылып, қаланы аралауға әкетілді деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Алау Назарбаев университетінен басталып, Қабанбай батыр, Достық, Қонаев, Бараев көшелері мен Республика даңғылы және Кенесары көшесі арқылы "Бәйтерек" кешеніне барады. Бұдан соң алау қалалық әкімдік алдындағы алаңға жеткізіліп, республикалық штаб өкілдеріне тапсырылады да, Алматыға әкетіледі.

Универсиада алауын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жағып, сөз сөйледі. Назарбаев Қазақстан мұндай әлемдік ауқымдағы жарысты бұрын өткізбегенін, универсиаданы абыроймен өткізетініне сенімді екенін айтты.

Алауды алып жүру шарасына астаналық 60 студент пен жас спортшы қатысады.

Қысқы универсиада Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Жарысқа Қазақстаннан 168 спортшы қатысады.

XS
SM
MD
LG