Accessibility links

Қазақстан коррупцияны қабылдау индексінде сегіз орын төмендеді


Transparency International ұйымының Еуропа мен Орталық Азиядағы коррупцияны қабылдау деңгейі көрсеткіші жайлы карта.
Transparency International ұйымының Еуропа мен Орталық Азиядағы коррупцияны қабылдау деңгейі көрсеткіші жайлы карта.

Transparency International (TI) халықаралық ұйымы жариялаған 2016 жылғы әлемдегі коррупцияны қабылдау индексінде Қазақстанның көрсеткіші нашарлап, 123-орыннан 131-орынға төмендеді. Ұйым 176 мемлекеттегі коррупция деңгейін саралап дайындаған есебінде 2016 жылы әлемде жүйелі коррупция мен әлеуметтік теңсіздік бір-бірін күшейтіп, адамдардың саяси билікке деген сенімсіздігінің артуына және популист саясаткерлердің пайда болуына себепкер болып отыр дейді.

AI есебіне қарағанда, 2016 жылы 176 мемлекеттің 69 пайызында коррупцияны қабылдау индексіндегі көрсеткіші жақсарудың орнына кері кетіп, төмендеген. Индексте Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағы биыл да әлемдегі коррупция деңгейі ең жоғары және мүлдем транспарентті емес аймақтар қатарында тұр. Орталық Азияда Қазақстанмен қатар Қырғызстан (136-орында), Тәжікстан (151) мен Өзбекстанның (156) да көрсеткіштері төмендеген. Былтырғы индексте Қырғызстан 123, Тәжікстан 136, Өзбекстан 153-орында болған.

AI коррупция мен теңсіздік бір-бірін байытып, коррупцияның және қоғамда билік пен байлықтың әділетсіз бөлінуі арасында шырғалаң шеңбер тудырады дейді. Ұйым 2016 жылы панамалық заң фирмасы жариялаған құпия құжаттар байлар мен қолында билігі барлардың әлемдік қаржы жүйесінің көлеңкелі тетіктерін әлі де оңай түрде пайдаланып, қоғам игілігі есебінен заңсыз баюына мүмкіндігі барын көрсетті дейді.

XS
SM
MD
LG