Италияның орталығында қар көшкіні басып қалған Rigopiano қонақүйінде қаза тапқандардың саны 23 адамға жетті. Алты адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.
Гран-Сассо таулы аймағында қар көшкіні 18 қаңтарда жер сілкінгеннен кейін жүрген. Көшкін жүрген кезде қонақүйде 30-дан астам адам болған. 11 адам, оның ішінде төрт бала құтқарылған.
24 қаңтар күні осы аймақта құтқару жұмысын атқаратын тікұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты. Тікұшақ жараланған шаңғышыны эвакуациялау кезінде құлаған.