Accessibility links

ОҚО кәсіпкерлері АИ-92 бензині бағасын бақылауда ұстауға шақырды


Шымкенттегі Satti Zhol жаранмай бекеті. 16 қаңтар 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысындағы орта және шағын бизнеспен айналысатын жүздеген кәсіпкер жергілікті билік АИ-92 бензинінің көлемін қадағаламаса бағасы күрт өсіп кетуі мүмкін деп алаңдайды. Бұл туралы республикалық "Жанар-жағармай" ассоциациясы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілділігінің төрағасы Қайыпбек Қамбаров Азаттыққа хабарлады.

Қамбаровтың сөзінше, қазір аймақтағы ең үлкен мәселенің бірі - АИ-92 бензинін кәсіпкерлерге жеткізу. Ауыл-аймақтардағы жанар-жағармай сатумен айналысатын кәсіпкерлерге бензин қымбатқа түсіп отыр.

- Соңғы екі жылдың ішінде облыста жанармай сатумен айналысатын 60 шақты бекет жабылды. Қазір жұмыс істеп тұрған 560 жанармай бекетінің 80-ге жуығы ірі компаниялардың меншігінде. Қалғаны шағын және орта кәсіппен айналысатындардың үлесінде, - дейді Қамбаров.

Ол Қазақстандағы үш мұнай зауытының модернизацияланбағанын, Қазақстанды бензинмен жүз пайыз қамтамасыз етпейтінін айтады.

- Ішкі сұраныстың 30-35 пайызы импортқа тәуелді. Сондықтан сұранысқа ие АИ-92 бензинінің бағасы күрт өсіп кетпеуі үшін оның көлемін, қайда кетіп жатқанын жергілікті әкімдік бақылауда ұстау керек, - дейді төраға.

Қайыпбек Қамбаров Қырғызстанда АИ-92 бензині 150-160 теңге, Ресейде 165-170теңгеден сатылып жатқанын, бұл баға Қазақстанға да келуі мүмкін екенін ескертеді. "Қырғызстан да, Ресей де шекаралас ел. Баға өспейді деп айту қиын. Тек күрт өсіп кетсе шағын және орта кәсіпкерлер жұмысын тоқтаты мүмкін. Ал жергілікті әкімдік бақылауда алса бағаның күрт өсуін алдын алуға болады" дейді төраға.

Қаңтардың ортасында Шымкентте АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің бағасы бес теңгеге қымбаттап, 139 теңгеге дейін жеткен.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG