Accessibility links

Трамп сайлау кезіндегі "бұрмалаушылықтарды" тексертпек ниетте


Дональд Трамп, АҚШ президенті. Вашингтон, 24 қаңтар 2017 жыл.
Дональд Трамп, АҚШ президенті. Вашингтон, 24 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен жылы қарашада өткен президент сайлауы кезінде алаяқтық болуы мүмкін деген күдігіне қатысты "кең ауқымды тергеу жүргізуді" талап ететінін мәлімдеді. 25 қаңтарда Twitter-де Трамп тергеушілер "бір мезетте екі штатта бірдей тіркелген, сайлауға заңсыз тіркелген және тіпті қайтыс болып кеткен адам да тіркелген сайлаушылар тізімін" тексеруі қажетін жазды. Ол "Біз бұдан шыққан қорытынды бойынша дауыс беру процедурасын қайта қараймыз" деді.

Дональд Трамп сайлаушылар алқасында бәсекелесі, демократ Хиллари Клинтоннан көп дауыс жинағанымен, жалпыхалықтық дауыс беруде одан жеңіліп қалған. Клинтон Трамптан 2,9 миллион дауыс артық жинаған. Трамп жалпыхалықтық дауыс беруде Клинтоннан аз дауыс алып қалуына дауыс беру нәтижелерін бұрмалау себеп болған деп санағанымен, заң бұзушылықтың нақты қалай болғанын айтпады.

АҚШ конгресі өкілдер палатасының спикері, республикашылар өкілі Пол Райан 24 қаңтарда Трамптың күдігінің дұрыстығына дәлел көрмей тұрғанын мәлімдеген. Сол күні Ақ үй баспасөз хатшысы Шон Спайсер АҚШ президентінің пікірінше, "дауыс беруге бір миллионнан астам заңсыз мигранттың қатысуына мүмкіндік берілгенін" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG