Accessibility links

Оралда полицейдің газетке қарсы шағымы бойынша сот басталды


"Уральская неделья" газетінің тілшісі Азамат Мұқанов (сол жақта) пен "Журналистік бастама" ЖШС басшысы Лұқпан Ахмедьяров Орал қалалық №2 сотында. 26 қаңтар 2017 жыл.
"Уральская неделья" газетінің тілшісі Азамат Мұқанов (сол жақта) пен "Журналистік бастама" ЖШС басшысы Лұқпан Ахмедьяров Орал қалалық №2 сотында. 26 қаңтар 2017 жыл.

Оралда Батыс қазақстан облыстық (БҚО) ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (ҰҚКБ) басшысы Еркін Іңкәровтің "Уральская неделья" газеті мен оның тілшісі Азамат Мұқановқа қарсы шағымы бойынша сот тыңдауы басталды.

Еркін Іңкәров журналист "полицияның беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратты деп санайды. Газетте өткен жылдың қараша айында жарияланған "Тело в дело" деп аталатын мақалада журналист Іңкәровке сілтеме жасап облыстың жеңгетайлық жасады және жезөкшелікпен айналысуға тартты деп айыпталған екі тұрғыны жезөкшелерді полиция, прокуратура мен әкімдік қызметкрелеріне тегін қызмет көрсетуге мәжбүрледі деп жазған.

Мақала жарияланған соң Іңкәров газетті сотқа беріп, мақаланы терістеуді, жария түрде кешіріп сұрауды және редакция мен журналистен моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге өндіріп беруді талап еткен.

"Мен мақалада көрсетілгеннің барлығын сөзбе сөз айтқан жоқпын. Мақаланың мазмұны маған деген полиция қызметкері ретіндегі сенімді бұзады" дейді Іңкәров шағымында.

Журналист Мұқанов телефонын департаментке кіре берісте алып қалғандықтан полицейдің комментариін жазып ала алмағанын айтады.

Орал қалалық №2 азаматтық сотының судьясы Әлібек Нұрғалиев бүгін талапкер жақтың сотқа келмеуіне байланысты тыңдауды 6 ақпанға қалдырды.

Өткен жылдың қазан айында осы сот "Уральская неделья" газеті мен оның бас редакторынан учаскелік полицей Данияр Рақышевтің шағымы бойынша 3,5 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарған. Рақышев газет абыройы мен қадыр-қасиетіне тіл тигізді деп шағымданған.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG