Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің ішкі істер министрлері Африкадағы босқындарға арналған лагерлерді қаржыландыру жоспарын енгізуге дайындалып жатыр. Бұл жоспардың мақсаты - БҰҰ мен гуманитарлық топтарға Еуропаға теңіз арқылы бармақ болған босқындарды бөлуге көмектесу.
ЕО елдері ішкі істер министрлерінің Мальтадағы кездесуіне қатысқан Германия ішкі істер министрі Томас де Мезьердің мәлімдеуінше, ЕО елдері босқындардың Еуропаға келуіне жол бермей, қайтадан қауіпсіз жерге жіберу шараларын жасауы қажет.
"Босқындарды контрабандистердің тасымалдауынан құтқарып, Еуропадан тысқары жердегі қауіпсіз орынға жеткізу керек. Ол жерден біз Еуропаға қорғауды қажет ететін адамдарды ғана алып кетеміз" деді Мезьер.
ЕО жоспары бойынша, Ливия мен басқа да елдердегі лагерлерді БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі немесе Халықаралық миграция ұйымы басқарады. Лагерлер мигранттарды тексеріп, паналап тұруға рұқсат берілмегенді еліне қайтаруға көмектеседі.