Accessibility links

Иран актрисасы Трамптың саясаты үшін "Оскар" марапатынан бас тартты


Таране Алидости, ирандық актриса.

Ирандық актриса, "Оскар" жүлдесіне ұсынылған "Коммивояжер" фильмінде басты рөлде ойнаған Таране Алидости АҚШ президенті Дональд Трамптың миграциялық саясатына қарсылық ретінде ақпан айында өтетін марапаттау салтанатына бармайтынын мәлімдеді. Актриса Twitter-дегі парақшасында Трамптың Иран азаматтарына виза беруге уақытша тыйым салу жоспарын "нәсілшілдік" деп атады.

Ирандық режиссер Асгар Фархадидің "Коммивояжер" фильмі "Оскар" сыйлығына "Ең үздік шетелдік фильм" номинациясы бойынша ұсынылған. Сыйлықты марапаттау шарасы 26 ақпанда Лос-Анжелесте өтуі тиіс. 25 қаңтарда Дональд Трамп миграциялық саясатты қатаңдатуға арналған екі жарлық шығарған. Таяу уақытта президент миграцияны шектейтін жаңа өкімдер шығаруы мүмкін.

Америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дайындалып жатқан шаралар арасында Сирия, Иран, Ирак және басқа да мұсылман елдерінің азаматтарына виза беруді уақытша тоқтату шарасы да бар.

AzattyqTV

Саргсян кетіп, Пашинян босаған күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00
XS
SM
MD
LG