Accessibility links

Кремль: АҚШ Сирияда "қауіпсіздік аймағын" құру бойынша кеңеспеді


Дмитрий Песков, Ресей президентінің баспасөз хатшысы.
Дмитрий Песков, Ресей президентінің баспасөз хатшысы.

Ресей АҚШ-тың Сирияда "қауіпсіздік аймағын" құру жоспарына сақтықпен реакция білдіріп, Вашингтонның Мәскеумен бұл мәселе бойынша кеңеспегенін және шешім қабылдағанға дейін оның барлық ықтимал салдарын ескеруі тиіс екенін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп 25 қаңтарда АҚШ-қа келетін мигранттарды шектеу жоспарына сай Сирияда босқындарға арналған "қауіпсіздік аймағын" құрмақ ниеті барын мәлімдеген. Трамптың Пентагон мен мемлекеттік департаментке үш ай ішінде "қауіпсіздік аймағын" құру жоспарын дайындауға тапсырма бергені хабарланған.

"Америкалық әріптестеріміз бізбен кеңескен жоқ. Бұл - дербес қабылданған шешім" деді Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Ол Трамптың шешімі "босқындардың жағдайын қиындатып жібермес үшін барлық ықтимал салдарын ескеру қажетін" мәлімдеді.

Түркия мен Сирияның исламшыл топтары Сирияда қауіпсіздік аймағын құру идеясын қашан да қолдайтынын, бірақ қандай да бір комментарий беру үшін АҚШ-тың жоспарымен танысу керегін мәлімдеді. "Біз бейбіт тұрғындарды қорғау жөніндегі кез-келген жоспарды қордаймыз, бірақ біз ол жоспармен толық танысуымыз керек" деді Сириядағы "Нуреддин аз-Зинки" тобының өкілі Ясер әл-Юсеф DPA агенттігіне.

XS
SM
MD
LG