Accessibility links

Трамп Ұлыбританияның Еуроодақтан шығатынын құптады


АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй. Вашингтон, 27 қаңтар 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй. Вашингтон, 27 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбританияның Еуропа Одағы құрамынан шығуына қолдау білдірді.

Вашингтонда британ премьер-министрі Тереза Мэймен өткізген келіссөздерден кейін бірлескен баспасөз мәслихатында Трамп біріккен Еуропамен бизнес жүргізуден кәсіпкер ретінде "өте аянышты тәжірибесі" барын айтқан.

Ақ үй басшысы Лондонмен "айрықша қарым-қатынасты" бұдан кейін де қолдай беретіні туралы мәлімдеген.

Өз кезегінде Тереза Мэй Вашингтон НАТО одағын толық қолдауға уәде еткенін және АҚШ пен Ұлыбритания арасында жаңа, екіжақты сауда келісіміне қол қою мәселесінде прогресс барын хабарлаған.

АҚШ президенті өзін Ұлыбританияға мемлекеттік сапармен келуге шақырған британ патшайымы Елизаветаның шақыруын қабыл алған.

Бұған дейін Трамп АҚШ трансатлантикалық ынтымақтастық жөніндегі келіссөзден шығуы тиіс және әріптестермен қарым-қатынасты екіжақты келісім форматында дамыту қажет деп мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG