Accessibility links

Түркиялық ондаған офицер Германиядан пана сұраған


Бүлік шыққан түні қираған полиция көлігі жанында жүрген адамдар. Анкара, 16 шілде 2016 жыл.
Бүлік шыққан түні қираған полиция көлігі жанында жүрген адамдар. Анкара, 16 шілде 2016 жыл.

Өткен жылы желтоқсан айында Германия мен Бельгиядағы НАТО әскери базаларында қызмет атқарып жүрген бірнеше түрік әскериі Түркияға қайтулары туралы бұйрық алғаннан кейін Еуропадан баспана беруді сұрап өтініш жасайтындарын мәлімдеген. Оларға Отанында қарулы бүлікке қатысы бар деген айып тағылған. Офицерлер өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Түркияда өткен жылы шілденің 16-сына қараған түні қарулы төңкеріс әрекеті жасалған. Елде төтенше жағдай жарияланып, Еуропалық адам құқығын қорғайтын конвенция күші тоқтатылған. Бүлікті тергеу аясында 40 мыңнан аса адам ұсталған. Ондаған мың мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылып, ондаған басылым жабылған.

Өткен аптада Грекия жоғарғы соты былтыр жаздағы бүліктен соң осы елге қашқан бірнеше түрік әскери қызметкерлерін Отанына экстрадицияламау жөнінде шешім шығарған. Бұған жауап ретінде Анкара Еуропа Одағымен босқындар мәселесі бойынша жасасқан келісімнен шығатыны туралы мәлімдеген. Ақпанның 2-і күні Гермнаия канцлері Ангела Меркель Анкараға сапармен бармақшы.

XS
SM
MD
LG