Accessibility links

Франция мен Германия Ресейге салынған санкцияны жоюға қарсы


Украинаның Луганск облысында далада от жағып жылынып отырған ресейшіл сепаратистер. 19 желтоқсан 2016 жыл.
Украинаның Луганск облысында далада от жағып жылынып отырған ресейшіл сепаратистер. 19 желтоқсан 2016 жыл.

Франция мен Германия Ресейге қарсы салынған санкцияларға қатысты ортақ ұстанымдарын жария етті. Германия сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль және Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Эйро бүгін Париждегі келіссөзден кейін журналистерге "Ресейге қарсы салынған санкцияны алып тастау үшін Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу туралы Минск келісімі шарттары орындалуы қажет" деп мәлімдеген.

Габриэль Германия мен Францияның сыртқы саяси мәселелерді шешу кезінде берік ортақ ұстанымда болуы қажеттігі жайлы Эйроның айтқанымен келісетіні туралы мәлімдеген. Германия сыртқы істер мекемесі басшысы Ресей және Украинамен байланысты проблемаларды шешу үшін Берлин мен Париж екіжақты жұмысшы комиссиясын құратыны туралы жариялаған.

Жан-Марк Эйро әріптесі Зигмар Габриэль Германия сыртқы істер министрі қызметіне жаңадан тағайындала салысымен Парижге сапармен келгенін айтқан.

XS
SM
MD
LG