Accessibility links

Шойбле: Германияның ашық есік саясаты қателік болды


Германия қаржы министрі Вольфганг Шойбле.
Германия қаржы министрі Вольфганг Шойбле.

Германия соңғы екі жылда елге миллионнан астам мигранттың келуіне мүмкіндік берген ашық есік саясатын ұстанып қателік жасады деп мәлімдеген бүгін осы елдің қаржы министрі Вольфганг Шойбле. Оның сөзінше, Берлин бұл ағаттығынан сабақ алатын болады.

"Біз 2015 жылы жіберген қателігімізді түзеуге тырыстық" деген Шойбле Вельт ам Sonntag басылымына сұхбатында. "Біз, саясаткерлер де адамбыз, бізде де қателіктер болады, бірақ, ең болмағанда солардан сабақ алуға тырысамыз" деген ол.

Шойбле Германия канцлері Ангела Меркель басқаратын христиан демократтар консервативтік партиясының мүшесі. Елде мигранттардың қатысуымен болған бірнеше шабуылдан кейін қоғамда мигранттарға қарсы ұстанымдағы "Германия үшін балама" партиясына қолдау күшейе бастаған. "Германия үшін балама" партиясы қыркүйекте өтетін бундастаг сайлауында көлемі жағынан үшінші партияға айналуы мүмкін деген болжам айтылады.

2016 жылы Меркель үкіметі Германия аумағына Таяу Шығыс пен Африкадан бір миллионнан астам мигранттың келуіне жол ашқан "ашық есік саясаты" үшін бірнеше рет қатты сынға қалған. Рейтингі төмендегеніне қарамастан Меркель миграциялық саясатын өзгертуден бас тартқан.

XS
SM
MD
LG