Accessibility links

Мартин Шульц Германия канцлерлігіне кандидат болып бекіді


Мартин Шульц.
Мартин Шульц.

Германия социал-демократиялық партиясы бүгін Еуропарламенттің бұрынғы төрағасы Мартин Шульцті канцлерлікке кандидат етіп ресми түрде бекітті. Шульц теңдік және елдегі «терең алауыздықты» еңсеру үшін күресетінін мәлімдеді.

Берлиндегі социал-демократиялық партия штаб-пәтерінде Шульц салық салудың қазіргіден әділетті тәртібін орнату үшін күресетіні және ауылды жерде тұратын адамдардың қала тұрғындары пайдаланып жүрген артықшылықтарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге күш салатынын мәлімдеген.

Бұған қоса Шульц мигранттар мәселесінде Еуропаны ынтымақтастықты арттыруға шақырып, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның ісін еуропалық бірлікті «келеке ету» деп сөккен.

Шульц сонымен бірге АҚШ президенті Дональд Трамптың адам құқығы мәселелеріне қатысты әрекеті мен сөздерін "қабылдауға келмейтін" қылық ретінде қатты сынаған.

XS
SM
MD
LG