Accessibility links

Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталыққа жаңа басшы тағайындалды


Қазақстанның адам құқығы жөніндегі ұлттық орталығына жаңа басшы болып Серік Оспанов тағайындалды жергілікті агенттіктер. Орталықты бұған дейін Вячеслав Калюжный басқарған.

Серік Оспанов бұған дейін 2004-2016 жылдары парламент мәжілісінің депутаты, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Ақтау қаласының әкімі болған.

Оспановты орталық ұжымына таныстырған адам құқығы жөніндегі уәкіл Асхат Шәкіров жаңа басшының білімі мен мемлекеттік басқару органдарында және парламентте қызмет істегендегі тәжірибесі оған құқық қорғау ұлттық мекемесінің жұмысына белсенді араласуға мүмкіндік береді деп сенетінін айтқан.

XS
SM
MD
LG