Accessibility links

Универсиада: Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко қола медаль алды


28-Қысқы универсиада алауы. Алматы, 29 қаңтар 2017 жыл (Көрнекі сурет).
28-Қысқы универсиада алауы. Алматы, 29 қаңтар 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Қысқы универсиадада әйелдер арасында шаңғымен бес километр қашықтыққа жүгіруде қола медальді жеңіп алды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Бұл - Қазақстанның 28-Қысқы универсиадада алған алғашқы медалі.

Бұл сында алтын және күміс медальдерді ресейлік Лилия Васильева мен Анна Нечаевская жеңіп алды.

Алматыда 28-Қысқы универсиаданың ашылу салтанаты 29 қаңтарда өткен. Универсиада ойындары ақпанның 8-іне дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG