Accessibility links

Министрлік: Қазақстанда бірнеше ресми органның сайттарын бұзып кірген


Көрнекі сурет.

Қазақстанда соңғы күндері жергілікті атқарушы және жергілікті өкілдік органдарының, орталық мемлекеттік органдарына бағынышты ұйымдарының сайттарын бұзып кіру оқиғалары тіркелді деп хабарлады бүгін ақпарат және коммуникациялар миинстрлігі. Ведомство министрліктің компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі 21 интернет ресурсына бұзып кіру оқиғасын тіркегенін ғана айтып, нақты қандай органдардың сайттары бұзылғаны және бұзып кіру әрекеттерін кім жасағаны туралы ақпарат бермеген.

Ресми мәлімет бойынша, интернет ресурстарды бұзып кіруге сайт иелерінің контентті басқару жүйесін уақытында жаңартуды, қауіпсітиісті қорғаныш шараларының жасалуын қадағаламауы мүмкіндік берген болуы ықтимал.

Министрлік бұзып кірген интернет ресурстардың басым бөлігі бір серверде орналастырылғанын және әлсіздігі барлығына ортақ екенін айтады.

Қазір алдағы уақытта мұндай оқиғаларды болдырмау бойынша қажетті шаралар қабылдануып жатыр дейді ақпарат және коммуникация министрлігі.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG