Accessibility links

Трамптың тыйымынан соң бірнеше адам Дубайдан АҚШ-қа ұша алмады


Etihad Airways компаниясының ұшағы (Көрнекі сурет).
Etihad Airways компаниясының ұшағы (Көрнекі сурет).

Дубайдың халықаралық әуежайында бірнеше адам АҚШ жеті мұсылман елі азаматтарының елге кіруіне тыйым салған соң АҚШ-қа ұшатын рейстерден қалдырылды. Бұл туралы әуежай әкімшілігінің атқарушы директоры Пол Гриффитс хабарлады.

"Қазірге бұл ереженің әсері тым төмен болып тұр. Бізде нақты цифр жоқ, бірақ бірнеше адам ғана тексеріліп, кейін қайтарылды" деді Пол Гриффитс бүгін Дубайдің Dubai Eye радиосына.

Дубай әуежайы әлемдегі әуе рейстері ең көп ұшырылатын әуежай және әлемдегі алыс қашықтықтарға жолаушылар тасымалдайтын ең ірі Emirates компаниясы үшін әуе торабы саналады.

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен аптада Иран, Ирак, Сирия, Сомали, Судан, Йемен және Ливия азаматтарының АҚШ-қа кіруіне уақытша тыйым салатын қаулы жарлық шығарған. Бұл жарлық әуе тасымалында проблем туындатып, жаңа ережелерді енгізуге әкеліп соқтырды.

29 қаңтарда Emirates АҚШ-қа ұшатын рейстердің персоналдар құрамын "соңғы талаптарға сай" ауыстырғанын хабарлаған. Бұған дейін әуе компаниясы жаңа енгізілген тыйым жолаушыларының "тек аз бөлігіне әсер ететінін" мәлімдеген.

Халықаралық Абу-Даби әуежайы кеше Etihad Airways компаниясына жаңа ереже ықпал еткен жолаушыларға қатысты сауал жолдаған. Мұның алдында Etihad Airways жаңа ереже бойынша бірнеше жолаушысы ұша алмайтынын және жақын бірнеше аптада ұшатын рейстерге қатысты проблема туындатпау шараларын жасап жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG