Accessibility links

Назарбаев жолдауында "басым бағыттары" туралы айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үндеу айтып отыр. Астана, 25 қаңтар 2017 жыл. (Видеодан скриншот)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үндеу айтып отыр. Астана, 25 қаңтар 2017 жыл. (Видеодан скриншот)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға арнаған жыл сайынғы жолдауында Қытаймен бірлескен "Қазақстанда өндіріс құру" инвестициялық бағдарламасы бойынша бірқатар жобаның іске аса бастайтынын мәлімдеді. "Қытай тарапымен келісім жасалды. Нысандар айқындалды. Нақты жұмыс істеу керек. Қазақстандықтар үшін жаңа 20 мың жұмыс орны бар заманауи өндіріс орындары пайда болады. Қазірге дейін алты жобаны іске асыру басталды, екі жоба іске қосылды" делінген Назарбаевтың жолдауында.

Назарбаевтың биылғы жолдауы 31 қаңтарға қараған түні Ақорланың ресми сайтында жарияланды. Назарбаев жолдауды жазбаша түрде жасайтыны туралы кеше кешке жария еткен. Жолдауда биліктің елдің "алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдің қатарына сенімді түрде кіруін қамтамасыз етеді" деген "басым бағыттары" көрсетілген.

Басымдықтар арасында коррупциямен күрес және экономиканы қолдау шаралары көрсетілген. Жолдауда Ұлттық банкке "банктердің жай-күйін жедел қадағалау құқығын беру" қажеттігі және аудиторлық компаниялардың жауапкершілігін күшейту туралы айтылады. Сонымен қатар сот жүйесіне деген сенімді арттыру қажеттігі мен "судьялар қызметіне кез-келген заңсыз ықпал етуді" болдырмаудың маңыздылығы туралы да айтылады.

Назарбаевтың бұл жолдауында "деструктивтік күштерді және шетелдік террористік ұйымдармен байланысы барларды қаржыландырумен" күрес мәселелері туралы және "діни экстремизм насихатының алдын алу" жұмыстарын жүргізу қажеттігіде айтылады. Назарбаевтың пікірінше, мұндай жұмыстар түрмелермен қатар әлеуметтік желілерде де жүргізілуі тиіс. Мұндай шараларды діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосу ұсынылған.

Биылғы жолдауда сонымен қатар кибер қылмыспен күрес туралы да айтылады. "Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне "Қазақстанның кибер қорғанысы" жүйесін құру шараларын жасауды тапсырамын" делінген жолдауда.

XS
SM
MD
LG