Accessibility links

Универсиада: Қазақстандық фристайлшылар алтын алды


Жанбота Алдабергенова Универсиада жарысында. Алматы. 30 қаңтар 2017 жыл (Сурет универсиада баспасөз қызметінен алынды).
Жанбота Алдабергенова Универсиада жарысында. Алматы. 30 қаңтар 2017 жыл (Сурет универсиада баспасөз қызметінен алынды).

Фристайлдың акробатика түрінен қазақстандық Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек Алматыда өтіп жатқан универсиадада аралас командалық жарыста алтын алды.

Олар финалда 167,5 ұпай иеленіп, Қытай спортшыларынан басым түсті. Күміс және қола медаль ұтып алған Қытай атлеттері 113,2 және 88,7 ұпай иеленді.

Қазақстанда қазір универсиадада екі алтын, екі күміс, төрт қола медаль бар. Бүгін биатлоннан 15 километрлік жарыста Алина Райкова алтын, Галина Вишневская күміс иеленген.

XS
SM
MD
LG