Accessibility links

АҚШ Иранның зымыран сынауын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде талқылауға шақырды


Иранның бұған дейін, 2016 жылы наурызда жасаған зымыран сынағы (Көрнекі сурет).
Иранның бұған дейін, 2016 жылы наурызда жасаған зымыран сынағы (Көрнекі сурет).

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгін АҚШ-тың сұрауы бойынша Иранның баллистикалық зымыран сынауына байланысты шұғыл жиын өткізеді. "29 қаңтарда Иранның орта қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымыран ұшыруына байланысты АҚШ Қауіпсіздік кеңесінде шұғыл кеңес өткізуді сұрады" деп мәлімдеді БҰҰ-дағы АҚШ миссиясы.

АҚШ өткен аптада БҰҰ-дағы жаңа елшісі Никки Хейли қызметіне кіріскелі бері алғаш рет өтініш білдіріп отыр.

АҚШ ресми өкілдерінің сөзіне қарағанда, егер Иранның сынақ өткізуі БҰҰ-ның Иранға "ядролық заряд алып ұшуға қауқарлы" зымыран жасауына тыйым салатын қарарын бұзғаны анықталса онда ол Қауіпсіздік кеңесінде қаралады. Иран бұған дейін бұл қарарды бірнеше рет бұзған.

АҚШ сенатының сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Боб Коркер Иранның соңғы зымыран сынағын айыптады. "Иранға бұдан ары баллистикалық зымыранын сынауға, терроризмді қолдауға, адам құқығын бұзуға және әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп төндіретін басқа да жаулық әрекеттерін жасауға мүмкіндік берілмейді" деді Боб Коркер.

Израиль да БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Иранды зымыран сынағаны үшін жазалауға шақырды. Бұған дейін БҰҰ-ның Иранға зымыран сынағаны үшін санкция салу әрекетіне Ресей мен Қытай тосқауыл қойып келген.

XS
SM
MD
LG