Accessibility links

Мәскеуде Навальныйдың кеңсесіне сот приставтары барды


Алексей Навальный, ресейлік оппозицияшыл саясаткер.
Алексей Навальный, ресейлік оппозицияшыл саясаткер.

Мәскеуде оппозицияшыл саясаткер Алексей Навальный құрған Коррупциямен күрес қорының (ККҚ) кеңсесіне сот приставтары барды. Бұл туралы қордың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш Twitter-де хабарлады. Ярмыштың сөзінше, приставтар Навальныйды оған 1 ақпанға Киров аудандық сотына шақырту берілгеніне қарамастан полиция басқармасына әкетпек. Киров аудандық сотында "Кировлес" ісі бойынша сот жалғасып жатыр.

Алексей Навальный мен бизнесмен Петр Офицеров "Кировлес" ісі бойынша куәгер ретінде тартылған. Бұған дейін судья айыптаушы тараптың оларды Кировтағы сотқа мәжбүрлеп алып келу туралы өтінішін мақұлдаған. Кеше Офицеровтің ауруханаға түсіп қалғаны хабарланған. Ал бүгін таңертең Навальный ауруханаға тексеру барған соң бизнесменді ол жерден шығарып жібергенін хабарлады.

Навальный мен Офицеров 2013 жылы шартты мерзімге сотталған. Олар он мың текше метр ағашты жымқыруды ұйымдастырып, Кировск облысының бюджетіне 16 миллион рубль зиян келтірді деп айыпталған. Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты сот үкімін заңсыз деп тапқан. 2016 жылы қарашада Ресей Жоғарғы соты ол сот үкімін жойып, "Кировлес" ісін қайта қарауға жіберген.

XS
SM
MD
LG