Accessibility links

АҚШ: Иранның зымыран сынауы - құптарлық іс емес


Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы жаңа елшісі.
Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы жаңа елшісі.

АҚШ Иранның екі күн бұрын орта қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымыран сынағанын "мүлдем құптарлық іс емес" деп, оның Тегеран мен әлемдік державалар арасында жасалған ядролық келісімді бұзатынын ескертті.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хейли бұл ескертуді 31 қаңтар күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранның зымыран сынағанын талқылау үшін өткізілген шұғыл жиынынан соң жасады.

"Біз Иранда 29 қаңтар күні орташа көлемдегі зымыран сыналғанын анықтадық. Бұл - мүлдем құптарлық жайт емес" деді Хейли Нью-Йоркте журналистерге. Хейли Иранның зымыран сынауы 2015 жылы ядролық келісім жасалған соң қабылданған БҰҰ қарарын бұзбайды, зымыран қорғанысқа арналған деген және зымыранды ядролық оқтұмсықпен жарақтамайды деген мәлімдемелеріне күмән келтірді.

"Олар баллистикалық зымыран немесе ядролық снарядтар алып ұша алатын сол сияқты қару-жарақ сынамауы тиіс екенін біледі" деді Хейли. Ол 29 қаңтарда сыналған зымыран жарты тоннаға дейінгі салмақтағы жүкті алып ұша алатынын және 300 километрге дейінгі қашықтықта әрекет ететінін айтты. "Мұндай зымыран ядролық қаруды тасымалдауға әбден қауқарлы" деді Хейли.

XS
SM
MD
LG