Accessibility links

НАТО мен АҚШ Ресеймен диалогты "күш-қуат тұрғысында" орнатпақ


Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы.
Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс пен АҚШ-тың жаңа басшылығы Ресеймен "күш-қуат тұрғысынан" диалог орнату қажет дегенге уағдаласқанын мәлімдеді. Столтенберг АҚШ президенті Дональд Трамп пен қорғаныс министрі Джеймс Мэттис телефонмен сөйлескен кезінде АҚШ-тың НАТО алдындағы міндеттемелерінен айнымайтынын айтты.

"Жаңа әкімшіліктің де ішкі ниеті Ресеймен күш-қуат тұрғысынан ғана диалог орнатуды қалайды" деді Столтенберг.

НАТО мен Ресей арасындағы қарым-қатынас Мәскеу 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсеткен соң қырғи-қабақ соғысы кезеңінен бері болмаған деңгейге дейін нашарлап кеткен.

20 қаңтарда қызметіне кіріскен АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Ресеймен қарым-қатынас орнатуға шақырып, НАТО-ның жұмысын сынап және Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуын қолдап Еуропаның алаңдаушылығын тудырған. Ол НАТО-ны "ескірген ұйым" деп атап, бірақ альянстың өзі үшін әлі де "өте маңызды" екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG