Accessibility links

Прокуратура: Атырауда өзін өртемек болған әйел қылмыстық істе күдікті


Атырау облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Атырау облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Атырауда өз-өзін өртемек болған әйел Ләйлә Смадьярова коррупциялық қылмыс жасады деген күдікке ілінген деп хабарлады Атырау облыстық прокуратурасына сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі. Прокуратура баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, облыс прокурорының бұрынғы көмекшісі Ләйлә Смадьярова өз-өзін 31 қаңтар күні облыстық прокуратураның жанындағы көлік тұрағында өртемек болған.

Әйелдің өз-өзін өртеу әрекетін прокуратураның кезекші қызметкерлері тоқтатып, әйелге бастапқы медициналық көмек көрсеткен. Қазір әйел ауруханада емделіп жатыр.

Прокуратура Смадьярова 2016 жылы тамызда "ауыр коррупциялық қылмыс жасады" деген күдікпен үйқамаққа алынғанын, кейін "пара алды және пара алуға оқталды" деген айып тағылып, қылмыстық ісі Атырау қалалық №2 сотында қаралып жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG