Accessibility links

Алматы түбінде саяжай тұрғындары ұрлық көбейгеніне шағымданды


Алматы облысының аумақтық картасы (Көрнекі сукет)
Алматы облысының аумақтық картасы (Көрнекі сукет)

Алматы түбіндегі Іргелі ауылдық округіне қарасты бірнеше саяжайдың тұрғындары бүгін тұрғылықты жерлерінде ұрлықтың, үй тонаудың көбейгеніне наразылық танытты.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Іргелі ауылдық округіне қарайтын Рахат, Береке, Қызылөріксай және Рассвет-3 саяжайларының 20 шақты тұрғыны жиналып, ауылдарында ұрлықтың көбейгенін, учаскелік полиция қызметкерлерінің ол туралы арыздарды "қарамайтынын" айтып наразылығын білдірді. Олар саяжайларда бір жылдың ішінде 80-ге жуық үйдің тоналғанын, 2014 жылдан бері ұрланған заттардың бір де бірі табылмағанын айтады.

Наразы тұрғындар осыған байланысты учаскелік полиция бөліміне барғанымен, полиция қызметкерлерімен сөйлесе алмады.

Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары Қайрат Смайыловтың айтуынша, ауылдық округте 24 мың адам тіркелген. Смайылов округ бойынша учаскелік инспекторлар жетіспейтінін, қазір 9 инспектор ғана барын айтты. Әкімнің орынбасары тұрғындарға ауылдық округте қазір қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары жасалып жатқанын ғана айтып, басқа комментарий бермеді.

XS
SM
MD
LG