Accessibility links

АҚШ Ресей ФСБ-сына қарсы кейбір санкциясын жеңілдетті


Шон Спайсер, Ақ үйдің баспасөз хатшысы.
Шон Спайсер, Ақ үйдің баспасөз хатшысы.

АҚШ қаржы министрлігі Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) қатысты лицензия беру жөніндегі кейбір санкцияларды жеңілдетті. Кейбір сарапшылар бұл шаралар америкалық технологиялық компанияларға қолдау көрсету үшін жасалып отыр дейді. Қаржы министрлігінің шешімі АҚШ билігінің ФСБ-ге өткен жылғы президент сайлауына килікті деген күдігі күшейген тұста қабылданып отыр.

Вашингтонда өткен баспасөз конференциясында Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер министрліктің бұйрығын санкцияны жоюмен тең екенін жоққа шығарды. Ол "Бұл министрліктің іс санкцияға келіп тірелгенде жүгінетін қалыпты шешімі" деді Спайсер.

АҚШ арнайы қызметі өткен айда баяндама жасап, Мәскеу АҚШ-тағы президент сайлауына ықпал етпек болды деп тұжырым жасаған. Баяндамада Ресей мақсатына жету үшін АҚШ Демократиялық партиясының компьютерлерін, электрондық почталарына хакерлік шабуыл жасап, насихат жүргізді делінген.

XS
SM
MD
LG