Accessibility links

Шетелдегі түркімен азаматтары президент сайлауына дауыс беріп жатыр


Ашғабадтағы сайлау учаскесі (Көрнекі сурет).
Ашғабадтағы сайлау учаскесі (Көрнекі сурет).

Шетелде тұратын Түркіменстан азаматтары 12 ақпанда өтетін президент сайлауына мерзімінен бұрын дауыс беріп жатыр. Бұған дейін Түркіменстанның мемлекеттік агенттігі Түркіменстанның Ресейдегі елшісіне сілтеме жасап шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерде 2-11 ақпан аралығында мерзімінен бұрын дауыс беру шаралары ұйымдастырылғанын хабарлаған.

Президент сайлауына шетелге сапарлап шығатын, 12 ақпан күні дауыс бере алмайтын Түркіменстан азаматтары мерзімінен бұрын дауыс бере алады.

Түркіменстан президенті сайлауына тоғыз кандидат, оның ішінде қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхамедов те тіркелген. Түркіменстан заңдарына 2016 жылы қыркүйекте енгізілген өзгерістер бойынша, президент жеті жыл мерзімге сайланады.

Азаттықтың Түркімен редакциясына сұхбат берген сарапшылар сайлау күні жақындаған сайын мемлекеттік ақпарат құралдарында іс басындағы президенттің саясатын насихаттау күшейгенін айтады. Жергілікті ақпарат құралдары халықтың түрлі тап өкілдері Бердімұхамедовке жария түрде сенім білдіріп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG