Accessibility links

Универсиада: Галышева мен Рейхард екінші алтындарын алды


Юлия Галышева универсиада медалін алған сәт. 2 ақпан 2017 жыл (Сурет универсиаданың ұйымдастыру комитетінен алынды).
Юлия Галышева универсиада медалін алған сәт. 2 ақпан 2017 жыл (Сурет универсиаданың ұйымдастыру комитетінен алынды).

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхард Алматыда өтіп жатқан қысқы универсиадада екінші алтынын алды. Галышева параллельді могул бағдарламасында жеңіске жетті. Ол финалда ресейлік Элизабета Безгодованы жеңді.

Ерлер арасында параллельді могул бойынша қазақстандық Дмитрий Рейхард универсиада чемпионы атанды. Ол финалда ресейлік Сергей Шумбиевтен басым түсті. Қола медальды тағы бір қазақстандық Павел Колмаков иеленді.

Галышева мен Рейхард 2 ақпанда могул бағдарламасында да алтын алған еді.

Қазір Қазақстан 8 алтын, 2 күміс, 8 қола медальмен жалпы есепте Ресейден кейін екінші тұр.

XS
SM
MD
LG