Accessibility links

Жамбыл облысында 200-ден аса адам қар құрсауынан құтқарылған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Жамбыл облысында жұманың кешінен бастап түні бойы қар құрсауынан 200-ден астам адам құтқарылды деп хабарлайды Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап Tengrinews агенттігі.

Ресми өкілдің айтуынша, төтенше жағдай және құтқару қызметтері мен «Қазақавтожол» кәсіпорны күштері ақпанның 3-інде сағат 18.00-ден сенбі күнгі таңғы сағат 4.00-ке дейін Жуалы ауданы Шақпақ асуында Алматы-Ташкент күре жолынан 223 адамды (35 баламен қоса) эвакуациялаған. Сонымен бірге қар құрсауынан 20-дан аса техника шығарылған, 24 көлік қалып қойған. Көлік иелері мен жолаушылары жылыту орындарына жеткізілген.

Төтенше жағдай комитеті аталған ауданда төңіректі көрсетпейтін қатты жел басылмай тұр деп хабарлады. Ауа райының бұзылуына байланысты Шақпақ асуы, сонымен бірге Оңтүстік Қазақстаннан Жамбыл облысына баратын көлік жолы жабылған.

XS
SM
MD
LG