Accessibility links

ЕҚЫҰ төрағасы Себастьян Курц Грузияға сапарын аяқтады


ЕҚЫҰ төрағасы, Австрия сыртқы істер федералдық министрі Себастьян Курц (ортада). Эргнети селосы, Грузия, 3 ақпан 2017 жыл.
ЕҚЫҰ төрағасы, Австрия сыртқы істер федералдық министрі Себастьян Курц (ортада). Эргнети селосы, Грузия, 3 ақпан 2017 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қазіргі төрағасы, Австрияның Еуропа, интеграция мәселелері және сыртқы істер федералдық министрі Себастьян Курцтің Грузияға сапары аяқталды. Еліне қайтар алдында ол екі күндік сапары туралы сұхбат берді деп хабарлайды «ИнтерпрессНьюс» агенттігіне сілтеме жасап Азаттықтың Грузин қызметі.

«Экономикалық әлуеті зор Грузияда жұмыс істеп жатқан австриялық бірнеше компания осы елдегі қызметін кеңейтуге ынталы. ЕҚЫҰ төрағасы ретінде жанжал аймақтарындағы жұрттың тұрмыс жағдайын жақсартуға үлесімді қосуға тырысамын деп сендіргім келеді» деп мәлімдеген Себастьян Курц.

Сонымен бірге Себастьян Курц Австрия Грузия территориясының тұтастығы және Еуропамен интеграциясына қолдау білдіретінін айтқан. Грузияға ресми сапары барысында ЕҚЫҰ төрағасы қақтығыстардың алдын алу және ондай оқиғаларға жедел жауап қату жөніндегі механизмі аясында Гори муниципалитеті Эргнети селосында өткен кездесуге қатысып, Шавшвеби қаласындағы көшуге мәжбүр болғандардың қонысындағы жағдаймен танысқан.

XS
SM
MD
LG