Accessibility links

Шымкентте әйелі мен баласына ВИЧ жұқтырған адам сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Оңтүстік Қазақстан облысы орталығы Шымкент қаласындағы әл-Фараби аудандық соты 49 жастағы ер адамды 35 жастағы әйелі мен 4 жасар баласына қасақана ВИЧ жұқтырғаны үшін айыпты деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған. Істі үш ай бойы қараған сот кеше үкімін жария еткен. «Балаларды СПИД-тен қорғайық» қоғамдық қоры төрайымы Жанетта Жазықбаеваның Азаттыққа айтуынша, сот кезінде ешқайда кетпейтіні туралы қолхат берген сотталушы үкім шыққан күні сотқа келмеген.

- Сотталушы да, жәбірленушілер де ВИЧ жұқтырған адамдар болғандықтан олардың аты-жөнін айта алмаймыз. Сотталушы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Сонымен бірге ол жәбірленушіге бір жарым миллион теңге моральдық шығынды бір айдың ішінде өтеуі тиіс, - дейді Жаннета Жазықбаева.

Сотталған ер адам 2001 жылдан бері облыстық СПИД орталығында есепте тұрған. Бұған дейін де сотты болғанын есепке алып сот оны бас бостандығынан айырған.

XS
SM
MD
LG