Accessibility links

Румыния премьері даулы қаулы жобасын қайтарып алды

Бухаресте қарсылық шеруіне шыққан адамдар.
Бухаресте қарсылық шеруіне шыққан адамдар.

Румыния премьер-министрі социал-демократ Сорин Гриндяну қолданыстағы қылмыстық кодекстен коррупциялық іс-әрекет үшін белгіленген кейбір баптарды алып тастауды көздейтін үкімет қаулысының жобасын кері қайтарып алды.

Елде тұрғындардың бірнеше күнге жалғасқан жаппай қарсылығынан кейін осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған премьер үкімет ұсынған құқықтық реформаға қатысты қоғамдық талқылау өткізу қажеттігімен келіскен.

Румыниядағы коррупцияға қарсылық шерулері туралы видео:

Румыниядағы коррупцияға жаппай қарсылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00

Жұма күні Румынияның адам құқығы жөніндегі уәкілі Виктор Чорбя үкіметтің қаулысымен келіспей Конституциялық сотқа жүгінген. Оның алдында бас прокурор мен ел президенті Клаус Йоханнис үкімет шешіміне қарсылық білдірген.

Бұған дейін ел астанасы Бухаресте бірнеше күнге жалғасқан коррупцияға қарсылық митингілеріне он мыңдаған адам шыққан. Кей кездері шерулер қақтығысқа ұласып, 100-ден астам адам ұсталған.

Румыниядағы коррупцияға қарсы шерулер жайлы фотогалерея:

Румыниядағы наразылық шерулері

Тұрғындар наразылығына қаңтардың басында жаңадан тағайындалған премьер-министр Сорин Гриндяну үкіметінің елдегі адамға толы түрмелерден кей санаттағы тұтқындарды босату мақсатында заңдағы кейбір коорупциялық қылмыс түрлері үшін белгіленген жазалау шараларын өзгерту туралы бастамасы себеп болды.
1/10 Тұрғындар наразылығына қаңтардың басында жаңадан тағайындалған премьер-министр Сорин Гриндяну үкіметінің елдегі адамға толы түрмелерден кей санаттағы тұтқындарды босату мақсатында заңдағы кейбір коорупциялық қылмыс түрлері үшін белгіленген жазалау шараларын өзгерту туралы бастамасы себеп болды.
Румыния астанасы мен өзге де қалаларында үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр
Үкімет бұған дейін сот үкімімен жазаға тартылған, соның ішінде коррупциялық сипаттағы және қызмет өкілетін асыра пайдалану әрекеттері үшін сотталғандарға рақымшылық жариялауды, сонымен бірге қылмыстық кодекстегі кейбір баптарға өзгерістер енгізіп, ондағы "мүдделер қақтығысы" және "өкілеттігін асыру" ұғымдарын қайта қарауды ұсынған.
2/10 Үкімет бұған дейін сот үкімімен жазаға тартылған, соның ішінде коррупциялық сипаттағы және қызмет өкілетін асыра пайдалану әрекеттері үшін сотталғандарға рақымшылық жариялауды, сонымен бірге қылмыстық кодекстегі кейбір баптарға өзгерістер енгізіп, ондағы "мүдделер қақтығысы" және "өкілеттігін асыру" ұғымдарын қайта қарауды ұсынған.
Румыния астанасы мен өзге де қалаларында үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр
Жаңа бастамамен келіспейтіндер бұған дейін коррупциялық істері үшін сотталған қазіргі билік партиясының жақтастары осыны пайдаланып жазадан құтылуы мүмкін деп мәлімдеп, үкіметтің ұсынысына қарсылық білдірген.
3/10 Жаңа бастамамен келіспейтіндер бұған дейін коррупциялық істері үшін сотталған қазіргі билік партиясының жақтастары осыны пайдаланып жазадан құтылуы мүмкін деп мәлімдеп, үкіметтің ұсынысына қарсылық білдірген.
Румыния астанасы мен өзге де қалаларында үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр
Ақпанның 1-і түнде үкімет даулы екі жобаны қабылдау туралы қаулы қабылдады. Арада бірнеше сағат өткенде үкімет үйі алдында бірнеше мың адам жиналды. Наразылар қаулының күшін жоюды, үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен.<br />
&nbsp;
4/10 Ақпанның 1-і түнде үкімет даулы екі жобаны қабылдау туралы қаулы қабылдады. Арада бірнеше сағат өткенде үкімет үйі алдында бірнеше мың адам жиналды. Наразылар қаулының күшін жоюды, үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен.
 
Румыния астанасы мен өзге де қалаларында үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр
Шеруге қатысушы ұстаған плакаттағы жазу: &quot;Ұрладың ба? Түрмеге барасың!&quot;
5/10 Шеруге қатысушы ұстаған плакаттағы жазу: "Ұрладың ба? Түрмеге барасың!"
Румыния астанасы мен өзге де қалаларында үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр
Наразылық шеруіне шыққандар: &quot;Ұрылар!&quot; деп айғайлап, Сорин Гриндянудің үкіметін отставкаға жіберуді және елде кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті.
6/10 Наразылық шеруіне шыққандар: "Ұрылар!" деп айғайлап, Сорин Гриндянудің үкіметін отставкаға жіберуді және елде кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті.
Румыния астанасы мен өзге де қалаларында үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр
Румыниядағы наразылық шерулері қаңтардың 18-інде өткен үкімет отырысынан соң даулы заң жобалары жарияланғаннан кейін басталған. Әлеуметтік желілер арқылы ұйымдасқан наразылар қарсылық акциясына шыққан.
7/10 Румыниядағы наразылық шерулері қаңтардың 18-інде өткен үкімет отырысынан соң даулы заң жобалары жарияланғаннан кейін басталған. Әлеуметтік желілер арқылы ұйымдасқан наразылар қарсылық акциясына шыққан.
Румыния астанасы мен өзге де қалаларында үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр
Румыниялық баспасөз құралдарының хабарлауынша, Бухарест пен елдің көптеген қалаларында өткен қарсылық шерулеріне ондаған мың адам қатысқан.
8/10 Румыниялық баспасөз құралдарының хабарлауынша, Бухарест пен елдің көптеген қалаларында өткен қарсылық шерулеріне ондаған мың адам қатысқан.
Румыния астанасы мен өзге де қалаларында үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр
Бухаресте демонстранттар шеруі қала орталығынан басталған. Олар әділет министрлігі, үкімет ғимараттары мен адам құқығы жөніндегі уәкіл кеңсесі жанында тоқтап, наразылықтарын білдірген.&nbsp;<br />
&nbsp;
9/10 Бухаресте демонстранттар шеруі қала орталығынан басталған. Олар әділет министрлігі, үкімет ғимараттары мен адам құқығы жөніндегі уәкіл кеңсесі жанында тоқтап, наразылықтарын білдірген. 
 
Румыния астанасы мен өзге де қалаларында үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр
Үкіметке қарсылық шеруіне қатысушылар.
10/10 Үкіметке қарсылық шеруіне қатысушылар.
Румыния астанасы мен өзге де қалаларында үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG