Accessibility links

Түркияда "ИМ"-ге қатысы бар деген күдікпен жүздеген адам ұсталған


2017 жылғы жаңа жыл кешінде террорлық шабуыл жасалған Стамбулдағы түнгі клуб маңында тұрған полиция қызметкері.
2017 жылғы жаңа жыл кешінде террорлық шабуыл жасалған Стамбулдағы түнгі клуб маңында тұрған полиция қызметкері.

Түркияда "Ислам мемлекеті" экстремистік тобымен байланысы бар деген күдікпен 400-ден астам адам ұсталған. Арнайы операциясы Түркияның алты аймағында жүргізілген. AFP агенттігі күдіктілердің кейбірінен тінту кезінде қару табылған деп хабарлады. Тергеу орындарының мәліметі бойынша, ұсталғандар терактілер дайындауға қатысқан болуы мүмкін деген күдік бар. Ұсталғандардың арасында шетелдіктер де бар, оларды Түркиядан депортацияламақшы.

Стамбулдағы түнгі клубқа жаңа жыл кешінде жасалған шабуылдан кейін Түркияда қауіпсіздік шаралары күшейтілген. 39 адамның өмірін қиған шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы алған.

XS
SM
MD
LG