Accessibility links

Луврдегі шабуылға күдіктінің денсаулығына қауіп жоғы айтылды


Лувр музейі маңында жүрген полиция мен әскерилер. Париж, 3 ақпан 2017 жыл.
Лувр музейі маңында жүрген полиция мен әскерилер. Париж, 3 ақпан 2017 жыл.

Франция астанасында ақпанның 3-і күні әскери қызметкерге мачетемен шабуыл жасаған кезде жараланып ауруханаға түскен күдікті адамның денсаулығы оңала бастады, енді ол қамауға алынуы мүмкін деп хабарлады Париж прокуроры кеңсесі. 29 жастағы Египет азаматының денсаулығына қазір қауіп жоқ деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.

Франция президенті Франсуа жұма күні Лувр маңында болған оқиғаны "террорлық шабуыл" деп атаған. Төтенше оқиға кезінде музейге келгендердің ешқайсысы зардап шекпеген.

Осы оқиғадан кейін уақытша жабылған Лувр қазір әдеттегі жұмыс кестесіне сай істеп жатыр деп хабарланды.

Парижде 2015 жылғы қарашаның 13-інде 130 адамның өмірін қиған террорлық шабуылдардан кейін Франция аумағында енгізілген төтенше жағдай тәртібі әлі күшінде. Содан бері өткен мерзім ішінде Францияда кемінде 13 шабуыл жасалып, салдарынан ондаған адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG