Accessibility links

АҚШ әділет министрлігі Сиэтл соты шешіміне қарсы шағым берді


АҚШ Жоғарғы соты ғимараты. Вашингтон, 31 қаңтар 2017 жыл.
АҚШ Жоғарғы соты ғимараты. Вашингтон, 31 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ әділет министрлігі президент Дональд Трамптың тұрғындарының басым бөлігін мұсылмандар құрайтын жеті елдің азаматтарына АҚШ-қа келуіне уақытша тыйым салу және Сирия босқындарын Құрама Штаттарға мүлде кіргізбеу туралы жарлығының күшін тоқтатқан Сиэтл сотының жұма күні қабылдаған шешіміне қарсы шұғыл апелляциялық шағым түсірген. Бұған дейін президент Трамп Сиэтл федералдық судьясы Джеймс Робарт тың шешімін «күлкілі» деп атаған.

Әділет министрлігінің апелляциясында сот шешімі президенттің ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін қабылдаған жарлығына «шек келтіреді» және билік қаулысын орындау жүйесін «бұрмалайды» делінген. Аппеляцияны үш судбядан тұратын сот алқасы қарап, кез келген сәтте шешім шығаруы мүмкін.

Бұған дейін Трамптың жарлығына қарсы сотқа жүгінгендердің бірі - Вашингтон штатының бас прокуроры Боб Фергюсон иммиграцияға тыйым салатын жарлықтың күшін тоқтату АҚШ конституциясының үстемдігін паш етеді деп мәлімдеген. «Ешкім де, тіпті президент те заңнан жоғары емес» деген Фергюсон.

XS
SM
MD
LG