Қырымда он күн қамауда отырған адвокат Эмиль Курбединов Симферопольдағы уақытша ұстау изоляторынан шықты деп хабарлады Крым.Реалии сайты.
Жексенбі күні бостандыққа шыққан адвокатты туыстары, әріптестері мен қоғамдық белсенділер қарсы алған.
Эмиль Курбединов қаңтардың 26-сы күні тінту жүргізіліп жатқанбелсенді Сейран Салиевке заңдық көмек көрсету үшін кетіп бара жатқанда ұсталған. Сол күні Симферополь қаласының Железнодорожный аудандық соты оны «нацистік белгіні немесе символиканы насихаттау және жария түрде көрсету» бабы бойынша айыпты деп танып, 10 күнге қамауға алу туралы шешім шығарған. Соттың бұл шешіміне 2013 жылы Курбединовтің әлеуметтік желідегі парағында Симферопольдегі "Хизб ут-Тахрир" митингі туралы ақпаратты бөліскені негіз болған.
Қырымдағы танымал адвокаттардың бірі Эмиль Курбединов саяси істер бойынша соттарда айыпталғандарды қорғаумен айналысқан. Ол Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі ұстап, айып таққан Қырым журналисі, Крым.Реалии сайтының авторы Николай Семенаның да адвокаты.
Эмиль Курбединов пен оның әріптестері адвокаттың сот шешімімен он күн қамауда болуын оның кәсіби қызметіне өрескел түрде кедергі келтіру әрекеті деп санайды.