Accessibility links

Универсиада: Шаңғыдан Қазақстан әйелдер құрамасы эстафета күмісін алды


Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Универсиада жарысында.
Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Универсиада жарысында.

Алматыда өтіп жатқан қысқы универсиадада шаңғыдан Қазақстан әйелдер құрамасы 3х5 километрлік эстафетада күміс медаль алды.

Қазақстан құрамасы сапында Анна Шевченко, Ольга Мандрик және Ирина Быкова жүгірді. Алтынды Ресей, қоланы Франция құрамасы иеленді.

Қазақстан қазір 10 алтын, 4 күміс, 10 қола медальмен жалпы есепте екінші орында келеді. Бірінші орында 20 алтынмен Ресей тұр. Үздік үштікке жеті алтыны бар Оңтүстік Корея енген.

Алматыдағы қысқы универсиада 8 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG