Accessibility links

Кіші Кара-Мурзаға "белгісіз заттан қатты улану" диагнозы қойылды


Кіші Владимир Кара-Мурза.
Кіші Владимир Кара-Мурза.

Ресейлік танымал белсенді әрі Кремльдің қарсыласы кіші Владимир Кара-Мурзаның әйелі Евгения Кара-Мурза дәрігерлердің күйеуіне "белгісіз затпен қатты уланған" деген диагноз қойғанын хабарлады. Владимир Кара-Мурза өткен аптада ауырып ауруханаға түскен. Ол соңғы жарты жылда осымен екінші рет ауруханаға жатқызылып отыр.

Евгения Кара-Мурзаның Азаттыққа айтуынша, күйеуінің не себепті аяқ астынан ауруға ұшырағанын анықтау үшін оның қаны, шашы мен тырнақтарынан алынған сынама Израильдегі жекеменшік зертханаға жіберілген.

Владимир Кара-Мурза жатқызылған аурухана дәрігерлерінен комментарий алу мүмкін болмады. 35 жастағы Кара-Мурза 2 ақпанда ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Кейін әйелі күйеуінің бүйрегі істемей тұрғанын және оның дәрі-дәрмекпен жататвн комаға түскенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG