Accessibility links

Министр: Бензиннің қымбаттауына рубль бағамының көтерілуі де себеп


Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасының қымбаттауы себептерінің бірі – теңгенің Ресей рубліне шаққандағы бағамының өзгеруі деп мәлімдеді. Астанада өткен үкімет отырысында Бозымбаев теңгенің рубльге шаққандағы бағамы арзандағанда Ресей бензинінің де бағасы тиісінше қымбаттағанын айтты.

«Өткен жылы теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 20 пайызға арзандады. Бензиннің рубльдегі бағасы айтарлықтай қымбаттамаса да, оны теңгеге аударғанда баға тұтынушылар үшін қымбат болып шығады» деді Бозымбаев.

Кеше Қазақстанда ең көп тұтынылатын АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің бағасы 137 теңгеден 139-141 теңгеге дейін қымбаттаған.

Бозымбаевтың сөзіне қарағанда, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары қажетті өнімде жанармай шығарып тұр және Қазақстанда жанармай тапшылығы болмайды.

XS
SM
MD
LG