Accessibility links

Зейнеткер Тарасовтар полицияның әрекетіне шағымданды


Астанада Шығыс Қазақстан облысында тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлер 75 жастағы Владимир Тарасов пен 71 жастағы Валентина Тарасова ішкі істер министрлігі мен бас прокуратураға өткен аптада өздерін үкімет ғимаратында себепсіз тұтқындаған полиция полиция қызметкерлерінің әрекетіне шағымданды. Тарасовтар 3 ақпанда өздерінің айтуынша "полицейдің заңсыз ұстаған бассыздығы" кесірінен №13 полиция бөлімінде үш сағат отырған.

Тарасовтар ШҚО ішкі істер департаменті кезекті рет ұлдары, 2013 жылы ақпанда 39 жасында қаза тапқан ұлдары Григорий Тарасовтың өліміне қатысты қылмыстық істі кезекті рет жабуды жоспарлағандықтан бір апта бұрын Астанаға келген. Бұл іс біресе жабылып, біресе қайта ашылған, ал Тарасовтар ұлдарын кісі қолынан өлді деп санайтындықтан оның өлімінің мән-жайды тергеуді талап етіп бірнеше рет наразылық акциясын өткізген. Тергеу органдары Григорий Тарасов "жазатайым қаза тапқан" деген тұжырымын өзгертпей отыр.

Владимир мен Валентина Тарасовтар 3 ақпанда Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Тастемір Әбішевпен кездесу үшін үкімет үйіне бет алғанда полиция ұстап, ішке кіргізбей қойған.

- Біз оларға [полицейлерге] қайда не үшін баратынымызды түсіндірдік. Бірақ бізді ешкім тыңдамады да, жауап та бермеді. Мен осы жағдайда оларға бізді плакаттарымызды шығарып ұстап тұруға мәжбүрлейтінін, себебі ел біздің мәселемізді көру үшін айқайламайтынымызды, сол жерде тұратынымызды айттық. Мен пакеттен бір плакат шығарып, әйелім Валентинаның үстіне ілмек болғанмын. Адам айтқысыз нәрсе осы кезде басталды. Майор менен плакатты тартып алды. Әйелім екеуміздің қолдарымызды қайырды, әйелім жылады. Сосын әйелімді бетон мен қардың үстінде сүйреп, сырт киімін сыпырып алып, жалаңаш арқасымен баспалдақпен, сосын 20 метр бетонның үстімен сүйреді, - деді Тарасов.

Зейнеткерлер шағымдарында өздерінің Астанада ұсталуын және полиция бөлімшесінде себепсіз күшпен ұстауды заңсыз деп атап, оған жан-жақты тергеу жүргізуді талап етеді. Астана полицейлері Азаттық тілшісіне бұған қатысты ешқандай комментарий бермеді.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG