Accessibility links

Универсиада: Қазақстан тағы төрт медаль алды


Алматыда өтіп жатқан қысқы универсиадада Қазақстан спортшылары тағы бір күміс, үш қола алды.

Биатлоннан ерлер арасындағы масс-стартта Роман Еремин күміс, Антон Пантов қола медаль иеленді. Жоути Баптисте (Франция) универсиада чемпионы атанды.

Шаңғыдан әйелдер арасындағы 15 километрлік масс-стартта Анна Шевченко үшінші нәтиже көрсетті. Бұл - Шевченконың Алматыдағы универсиада иеленген бесінші медалі. Ол бұған дейін бір алтын, бір күміс, екі қола медаль алған.

Шорт-тректен ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыста қазақстандық Денис Никиша үшінші нәтиже көрсетті. Алтын және күмісті Оңтүстік Корея спортшылары Лим Куонг Вон мен Парк Джи Вон иеленді.

Қазақстан қазір 11 алтын, 7 күміс, 14 қоламен жалпы есепте Ресейден (27 алтын) кейін екінші орында келеді. Үшінші орында тұрған Оңтүстік Кореяда 10 алтын бар.

XS
SM
MD
LG