Accessibility links

Шымбұлақта универсиадаға келген ресейлік қар көшкінінен қаза тапты


Шымбұлақ спорт кешені (Көрнекі сурет).
Шымбұлақ спорт кешені (Көрнекі сурет).

Алматы маңындағы "Шымбұлақ" спорт кешенінде Қысқы универсиадаға келген ресейлік судья Алексей Белоспудцев қар көшкіні басып қалып қаза тапты.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 7 ақпан күні түстен кейін болған. Ресей азаматы Спартак Алемасов 1986 жылы туған Алексей Белоспудцевтің Шымбұлақ шатқалының батыс беткейінде арнайы белгіленген жолдан тыс аумақта шаңғы теуіп жүргенде қар көшкіні жүріп, басып қалғанын хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бір сағаттан соң Ресей азаматының денесін тапқан. Департамент ақпаратына қарағанда, "ресейліктер шаңғымен сырғанауға тыйым салынған жерге оны біле тұра барған".

Сырғып, көшкен қар көлемі 350 текше метрді құраған.

XS
SM
MD
LG