Accessibility links

Джон Келли: АҚШ тыйым салынған елдер тізімін көбейтпейді


Джон Келли, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік министрі.
Джон Келли, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік министрі.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік министрі Джон Келли Вашингтон АҚШ-қа кіруге уақытша тыйым салынған мұсылмандар басым тұратын елдер тізімін кеңейтпейтінін мәлімдеді. Келли бұл туралы президент Дональд Трамп әкімшілігі Иран, Ирак, Сирия, Йемен, Ливия, Сомали және Судан енгізілген тізімге жаңа мемлекеттерді қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр деген ақпаратқа қатысты берген комментариінде айтты.

Журналистермен әңгімеде Келли тыйым мұсылмандарға салынбағанын және оның "тәртіп орнатылғанша жарияланған үзіліс" екенін мәлімдеді. АҚШ конгресі өкілдер палатасындағы бірнеше демократ Келли қатысқан отырыста тыйымды "мұсылмандарға қарсы шектеу" деп атаған. Министр Ақ үйдің өзіне миграцияға қарсы жаңа шараларды енгізбес бұрын конгресті ол туралы хабардар етуге мүмкіндік бергеніне қарсы болмайтынын айтты. Ол төрт айға дейін енгізілген тыйым шаралары "барлық америкалықтың" қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетінін айтты.

Дональд Трамптың мұсылмандар басым тұратын жеті ел азаматтары мен босқындардың АҚШ-қа кіруіне уақытша тыйым салуы құқық қорғаушылар мен көптеген танымал тұлғалардың қарсылығын тудырды. 3 ақпанда Сиэтл сотының шешімімен тыйымның күші тоқтатылған. Бүгін Сан-Францискода сот тыңдауы өтіп, онда Ақ үйдің адвокаттары шектеу шараларын қалпына келтіруге талпынып көрмек.

XS
SM
MD
LG