Accessibility links

Астанадағы әкімдік шарасында Боқаев пен Аянды босатуды талап етті


Белсенді Раиса Бейсембаева Макс Боқаев пен Талғат Аянды босатуды талап етіп тұр. Астана, 8 ақпан 2017 жыл.
Белсенді Раиса Бейсембаева Макс Боқаев пен Талғат Аянды босатуды талап етіп тұр. Астана, 8 ақпан 2017 жыл.

Астанада бүгін Астана концерт залында Астана әкімдігінің "Белсенді азамат" шарасы кезінде азаматтық белсенді Раиса Бейсембаева атыраулық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат өтіп Аянды және сотталған диссидент Арон Атабекті босатуды талап етіп акция өткізді. Қолына А4 форматындағы қағазға Боқаев, Аян, Атабекті босатуды және психиатрлық ауруханаға жатқызылған белсенді Наталья Уласикті босатуды талап ететінін айтты.

"Белсенді азамат" шарасы барысында қала тұрғындары әкімдік басқармалары қызметкерлерімен кездесе алады.

Азаттық тілшілері сөйлескен адамдардың дені әкімдік шарасына жер телімін алу және заңдастыру, тұрғын үй кезегі, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, сот әділдігі және жұмыс мәселелерімен келген.

Астана әкімдігінің "Белсенді азамат" шарасы бір күн болады.

XS
SM
MD
LG