Accessibility links

Апелляциялық сот Трамп жарлығына қатысты шешімін кейін шығарады


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ апелляциялық соты президент Дональд Трамп жарлығының күшін тоқтатуға қатысты шешімін кейінірек шығаратын болды.

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің барлық босқындар мен жеті мұсылман елдері азаматтарының АҚШ-қа кіруіне уақытша тыйым салуды "ел қауіпсіздігі үшін жасалған шара" деп қорғады. Бұл туралы ол 8 ақпанда ірі қалалардың полиция басшыларының алдында айтты. Өткен аптада федералдық судья Джеймс Робарт Трамптың даулы жарлығының күшін тоқтатқан.

"Мен сотты біржақты деп атағым келмейді, олай деп атамаймын да. Біз әлі шешімді алған жоқпыз. Бірақ біздің сот қатты саясиланып кеткендей күйде қалдырды" деп мәлімдеді Обама.

8 ақпанда Сан-Францискодағы АҚШ апелляциялық сотының судьялары Трамптың жарлығының күшін тоқтатқан федералдық судьяның шешімін жоюға өтініш білдірген Ақ үй адвокаттарының пікірін тыңдап, қатаң сұрақтар қойған.

Ақ үй әкімшілігі апелляциялық сот шешімі қандай болғанына қарамастан АҚШ Жоғарғы сотына шағымданады деп болжанып отыр.

XS
SM
MD
LG